ҰБТ - №213 орта мектебі http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/ ru ҰБТ - №213 орта мектебі DataLife Engine 2022 жылы грантқа түсу балы жоғарылай ма? http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/110-2022-zhyly-granta-tsu-baly-zhoarylaj-ma.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/110-2022-zhyly-granta-tsu-baly-zhoarylaj-ma.html Грантқа түсу балы мемлекет бекітіп қойған нәрсе емес!
Көпшілігі грантқа түсу балы мен шекті балды шатастырады.
Шекті балл - сол мамандыққа конкурсқа қатысуға не ақылы оқуға түсуге мүмкіндік беретін ең төменгі балл. Ол бекітілген нәрсе. Мысалы, былтыр педагогикалық мамандықтарға 75 балл болды.
❓️Бұл нені білдіреді?
Егер сіздің алған ұпайыңыз 75-тен төмен болса, тіпті ақылы бөлімге де тапсыра алмайсыз! Грант конкурсына қатысу үшін 75 не одан жоғары жинауыңыз қажет.
❗️Бірақ
75-тен ассаңыз грантқа түсесіз дегенді де білдірмейді.
📒Жалпы кез келген мамандықтың грантқа түсу ұпайына әсер ететін нәрселер:
1) Сол жылы конкурсқа қатысушы талапкерлер саны;
2) Сол мамандыққа дәл осы жылы бөлінген грант саны;
3) Талапкерлердің орташа ұпайы, сол таңдау пәндерін таңдаған оқушылардың қаншалықты жоғары/төмен алғандығы
4) Конкурсқа қатысқан кездегі сіз таңдаған мамандықтарға деген сұраныстың көп/аз болуы.
📒Карусельдегі кестеде екі жыл салыстырмалы түрде берілген. Бұл жай ғана мысал)
Бір мамандыққа 10 грант берілді дейік (іштеріңізден "Құдай сақтасын" дейтін шығарсыздар)). Сол мамандықты таңдағандардың арасында 2022 жылғы ҰБТ нәтижелері жоғары болғанымен, сұранысқа қарай грантқа түскен ең төменгі ұпайы былтырғыдан да төмен болып тұр.
📊Ал биылғы грантқа түсу ұпайы қаншалықты өзгеретінін қазір ешкім нақты айта алмайды. Мысалы, былтыр бәрі карантин кезінде елімізде дәрігерлер қажеттілігі қатты байқалған соң, көпшілігі ""Жалпы медицинаға" грант көбірек бөлінеді" деп ойлады. Керісінше, грант саны 2147-ден 1575-ке дейін, яғни 572 грантқа азайып кетті. Оған былтырғы түлектердің дайындығының алдыңғы жылғыдан жақсы болғаны (ҰБТ-ның әділ өте бастауынан басқа нәрсеге сенбей) мен ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қосыңыз. Нәтижесінже грант балы 103-тен 117-ге жоғарылап кетті.
📍Өткенде IT бағытының таңдау пәндері математика-информатикаға ауысатын болғанда "енді көп оқушы IT-ге түсе алмай қалатын болды" деп шулап еді. Ол жерде де дәл кестедегідей болушы еді. Мүмкіндік барлығына бірдей берілді. Басым бөлігі төмен ұпай алса, грантқа түсу балы да сәйкесінше төмендейді. 6000 грант болса, соның барлығы шекті балдан асқан, сол мамандықты таңдаған 6000 балаға беріледі. Бұрын 100 балмен түскен IT-ге 70 балмен де түсе алатын еді.
💡Сондықтан "биыл балл көтеріледі/төмендейді" деген сөздерге елеңдей бермей, ҰБТ-ға дайындалыңыздар). Бәрібір ҰБТ тапсырмай ештеме жасай да алмайсыздар. Ал шешетін басты нәрсе - сіздің жоғары ұпай алуыңыз. Оның үстіне, желтоқсанда бекітелетін боп жатқан грант саны туралы да хабар жоқ...

Қанай Гүлбану Бақытханқызы]]>
Грантқа түсу балы мемлекет бекітіп қойған нәрсе емес!

№213 Mektep Mon, 25 Apr 2022 18:58:07 +0600
Педагогикалық мамандықтар http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/109-pedagogikaly-mamandytar.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/109-pedagogikaly-mamandytar.html 2022 жылдан ЖОО-ға оқуға түсу, оқу фооматын ұйымдастыруда бірқатар өзгерістер енгізіледі:
1) 2025 жылға дейін гранттар саны 75 мыңға дейін артады (жыл сайынғы түлектер саны артқанын да ескеру керек);
2) Техникалық бағыттағы гранттар саны "40%-дан 60%-ға дейін өседі" дейді (негізі 40% дегенге келіспеймін, нақты саны туралы жеке жазамын))
3) Батыс өңірлердің: Маңғыстау, Атырау облыстарының мектеп түлектеріне бөлек гранттар бөлу жоспарлануда
4) Биылдан бастап педагогикалық мамандықтар шекті балы - 80 балл (былтыр - 75 балл), "құқық" мамандығы - 75 балл (былтыр - 50 балл) көтеріледі.
5) "Қолданбалы бакалавриат" пен ЖОО-ларда онлайн білім алу жобалары қолға алынып жатыр. Яғни оқуға түсетін кезде онлайн/оффлайн сияқты формат таңдалады.
6) Елімізде шетел университеттері филалдарын ашу мен еліміздегі ЖОО-лардың филиалдарын Орта Азия елдерінде ашу бойынша жұмыстар басталды.
7) Интеграцияланған әлеуметтік GPA енгізу жоспарлануда. Яғни енді ЖОО-ларда тек сабақтар бойынша баға емес, әлеуметтік белсенділікті ескеру (жалпы болашақта жұмысқа тұру кезінде қажет, бірақ ол болашаққа қашан келетініміз...)]]>
2022 жылдан ЖОО-ға оқуға түсу, оқу фооматын ұйымдастыруда бірқатар өзгерістер енгізіледі:

№213 Mektep Mon, 25 Apr 2022 18:49:44 +0600
Денсаулық саласына бөлінген гранттар http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/108-densauly-salasyna-blngen-granttar.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/108-densauly-salasyna-blngen-granttar.html
]]>

]]>
№213 Mektep Mon, 25 Apr 2022 18:46:39 +0600
Денсаулық бағытына бөлінген гранттар http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/107-densauly-baytyna-blngen-granttar.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/107-densauly-baytyna-blngen-granttar.html 📊Былтыр медицина мамандықтары грант санында жылдағыдан айтарлықтай өзгерістер болды.
Мысалы, "Жалпы медицина" грант саны 2147-ден 1575-ке азайса, "Педиатрияда" 150-ден 500-ге артты.
👩‍⚕️2021 жылы "Денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша мемлекеттік грант жалпы 6-8 (мамандыққа қарай) университетке ғана бөлінді.
Тізімдегі университеттер мемлекеттік грантқа қатыспаған болуы да мүмкін.

Рейтинг "Атамекен" ҰКП-нің 2021 жылғы қорытындысы бойынша жасалған). Рейтингте "Педиатрия" мамандығы жоқ екен. Суреттегі былтырғы сол мамандыққа мем.к грант берілген ЖОО-лар тізімі.]]>
]]> №213 Mektep Mon, 25 Apr 2022 18:42:38 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - 2020 http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/46-ltty-bryaj-testleu-bt-2020.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/46-ltty-bryaj-testleu-bt-2020.html
Бүгін Ұлттық тестілеу орталығы директоры Дидар Смағұлов мырзамен алдағы ұлттық бірыңғай тест жаңалықтары мен өткізу барысы талқыланды.

Ұлттық тестілеу орталығы тазалыққа, ашықтыққа бет бұрғаны қуантты.
Сонымен, ҰБТ туралы:
1⃣ ҰБТ өткізу пункттері барынша азаяды. Бұрынғыдай 160+ ҰБТ пункті болмайды. Ол азайып 35-ке дейін түсуі мүмкін. Бұл тәртіпті нығайтуға, қадағалауға мүмкіндікті жоғарылатып, тазалығын арттырады. Себебі, өте көп пункт жергілікті жерлердің ұрлығын күшейтеді;
2⃣ ҰБТ пунктіне телефон алып кірмекші болып, тексеру аймағында ұсталса, ҰБТ майданына кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсыру кезінде телефонмен ұсталған бала бірден ҰБТ-дан шығарылып, тест нәтижесі бірден жойылады;
3⃣ Тестілеу майдандарына толық онлайн видео бақылау қосылған, видеолар бір жыл сақталады. Кез келген видеоны тексеру барысында немесе арыз түскен жағдайда оқушының телефон немесе басқа да заңсыз заттар қолданғаны анықталса, онда тест нәтижесі сол кезде автоматты жойылады;
4⃣ ҰБТ пилоттық жоба ретінде биыл, 2020 жылы наурызда электронды форматта өтеді. Ал, маусым және тамыздағы тест қағаз форматта өтеді;
5⃣ ҰБТ келесі жылы яғни, 2021 жылдан бастап біртұтас электронды форматқа көшіріледі. Ол үшін қазір ҰТО-ның өз базасында арнайы компьютерлік кабинеттер жасақталып жатыр, олардың бәрі жасанды интеллекттермен жабдықталған, егер телефоны бар адам отырса, бірден сигнал береді;
6⃣ Ұлттық тестілеу пункттеріне байланыс толқындарын жоятын, жаңа үлгідегі глушительдер қойылады. Оны әлдебіреу өшіретін болса, ол бірден орталық аппаратқа сигнал түсіреді;
7⃣ Бүгінгі басталған ҰБТ-ға 89 оқушы телефон алып кіруге ниеттенген. Олардың барлығы тестілеуге кіргізілмеген. Бұл тәртіп арнайы бұйрықпен бекітілген, бұдан кейін сақталады. Жылда телефондарын алып қалып, тестілеу майданына кіргізіле беретін еді;
8⃣ Бір сұрақ қате болып апелляцияға беріліп, балл қосылса, сол сұрақтан қателескен өзге тест тапсырушыға да балл автоматты түрде (ол апелляцияға бермесе де) қосылады.

Бұл ерекшеліктер тек ҰБТ-да ғана емес, мұғалімнің біліктілік тестінде де қолданылады.

Білімді ғана грант иегері атануы тиіс, ертең дәрігерге барып емделгенде дәрігер біліксіздігінен қорқып жүрмес үшін, баламызды оқытуға мұғалім біліксіздігінен қорқып жүрмес үшін бұл өзгерістерді қуана қолдаймын. Алдағы уақытта ҰБТ туралы жаңалықтармен және бөлісетін боламын.
Құрметті түлектер, дайындықты күшейтіңіздер, білімдеріңізден өзге сенетін дүниенің бәрін ұмытыңыздар.]]>
№213 Mektep Fri, 17 Jan 2020 10:57:35 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кестесі http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/41-bt-kestes.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/41-bt-kestes.html
]]>

]]>
№213 Mektep Thu, 16 Jan 2020 12:50:18 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - 2020 http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/45-ltty-bryaj-testleu-bt-2020.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/45-ltty-bryaj-testleu-bt-2020.html 🔹️Қаңтар:
1-15 желтоқсан- құжаттар қабылдау мерзімі
15-20қаңтар - ҰБТ өткізу уақыты

🔹️Наурыз:
1-15ақпан - құжаттар қабылдау уақыты
24-29наурыз - ҰБТ өткізу уақыты

🔹️Маусым:
10наурыздан 10мамырға дейін - құжаттар қабылдау мерзімі
20 маусымнан 5шілдеге дейін - ҰБТ өткізу уақыты

🔹️Тамыз:
25 шілде мее 3 тамыз - аралығында құжаттар қабылдау.
17 по 20 тамыз аралығында - ҰБТ

💡Қаңтар және Наурызда талапкерлер ақылы бөлімге бара алады.
💡Маусымда – мемлекеттік грантқа үміткер болу
💡Тамызда-ҰБТны қайтатапсыру]]>
№213 Mektep Thu, 16 Jan 2020 12:49:28 +0600
ҰБТ қорытындысы http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/43-bt-orytyndysy.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/43-bt-orytyndysy.html ]]> №213 Mektep Thu, 16 Jan 2020 11:34:07 +0600 Мамандық таңдау http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/25-blm-beru-jymy-zhajly-zhalpy-mlmet.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/25-blm-beru-jymy-zhajly-zhalpy-mlmet.html
Балаға мамандық таңдауға 6 кеңес:
]]>

1⃣Балада дербес көзқарасты қалыптастыру керек. Мамандықты өзі таңдауы тиіс. Тек осылай ғана бір зат дұрыс болмаса, өз мүмкіндігін жіберіп алдым деп ойламайды.
2⃣Қай мамандық сұранысқа ие екенін анықтаңыз. Бірақ «беделді» емес, іс жүзінде сұранысқа ие мамандық болсын. Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс табуға көмектесетін сайттардағы бос жұмыс орындарын мұқият зерттеңіз.
3⃣Мамандықтарды талдап көрсетіңіз. Қаншама жыл күтіп, көңілі қалғаннан қарағанда жұмыспен алдын-ала жақынырақ танысқан жөн.
4⃣Басқа қалалар мен елдердегі оқу орнын табыңыз. Көбінесе біз қайда және қандай қызмет етуге болатындығы жөнінде ойланбаймыз, тіпті көршілес қалалардағы ЖОО-да қандай мамандықтар бар екенін білмейміз.
5⃣Кәсіби бағдар беру туралы тестілерді ұмытыңыз.Олар қарапайым сұрақтарға негізделіп, көптеген мамандықты ескермейді.
6⃣Мектептегі сүйікті сабағыңыз бен мамандықты шатастырмаңыз. Білімге негізделген жұмысты таңдамай, білімді мақсатқа бейімдеу керек.

link: Лайфхакер]]>
№213 Mektep Wed, 15 Jan 2020 17:52:57 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - 2020 http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/26-blm-beru-jymy-zhajly-zhalpy-mlmet.html http://213-zhanakorgan.mektebi.kz/oushylara/bt/26-blm-beru-jymy-zhajly-zhalpy-mlmet.html Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.]]> ҰБТ өткізіледі:
  •     
  •               ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;     
  •     
  •               республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;     
  •     
  •               республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;     
  •     
  •               республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;     
  •     
  •               республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;     
  •     
  •               ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;     
  •     
  •               ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.     
 Өткізу формасы: тестілеу.

 * - тестілеу бағасы – 2242 теңге. 
  
 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:
 «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ
 010011 Астана қ., Жеңiс д., 60
 БИН 000140001853
 ИИК KZ536010111000001515
 БИК HSBKKZKX     КБE 16
 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
 Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).
 Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.
  
 Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.
 Апелляция: қарастырылған.
 ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
                                Барлық тест тапсырмалар саны —120.
 Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

]]>
№213 Mektep Wed, 15 Jan 2020 17:50:05 +0600