17
январь
2020
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - 2020
ҰБТ 2020.
Бүгін Ұлттық тестілеу орталығы директоры Дидар Смағұлов мырзамен алдағы ұлттық бірыңғай тест жаңалықтары мен өткізу барысы талқыланды.
Ұлттық тестілеу орталығы тазалыққа, ашықтыққа бет бұрғаны қуантты.
Сонымен, ҰБТ туралы:
1⃣ ҰБТ өткізу пункттері барынша азаяды. Бұрынғыдай 160+ ҰБТ пункті болмайды. Ол азайып 35-ке дейін түсуі мүмкін. Бұл тәртіпті нығайтуға, қадағалауға мүмкіндікті жоғарылатып, тазалығын арттырады. Себебі, өте көп пункт жергілікті жерлердің ұрлығын күшейтеді;
2⃣ ҰБТ пунктіне телефон алып кірмекші болып, тексеру аймағында ұсталса, ҰБТ майданына кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсыру кезінде телефонмен ұсталған бала бірден ҰБТ-дан шығарылып, тест нәтижесі бірден жойылады;
3⃣ Тестілеу майдандарына толық онлайн видео бақылау қосылған, видеолар бір жыл сақталады. Кез келген видеоны тексеру барысында немесе арыз түскен жағдайда оқушының телефон немесе басқа да заңсыз заттар қолданғаны анықталса, онда тест нәтижесі сол кезде автоматты жойылады;
4⃣ ҰБТ пилоттық жоба ретінде биыл, 2020 жылы наурызда электронды форматта өтеді. Ал, маусым және тамыздағы тест қағаз форматта өтеді;
5⃣ ҰБТ келесі жылы яғни, 2021 жылдан бастап біртұтас электронды форматқа көшіріледі. Ол үшін қазір ҰТО-ның өз базасында арнайы компьютерлік кабинеттер жасақталып жатыр, олардың бәрі жасанды интеллекттермен жабдықталған, егер телефоны бар адам отырса, бірден сигнал береді;
6⃣ Ұлттық тестілеу пункттеріне байланыс толқындарын жоятын, жаңа үлгідегі глушительдер қойылады. Оны әлдебіреу өшіретін болса, ол бірден орталық аппаратқа сигнал түсіреді;
7⃣ Бүгінгі басталған ҰБТ-ға 89 оқушы телефон алып кіруге ниеттенген. Олардың барлығы тестілеуге кіргізілмеген. Бұл тәртіп арнайы бұйрықпен бекітілген, бұдан кейін сақталады. Жылда телефондарын алып қалып, тестілеу майданына кіргізіле беретін еді;
8⃣ Бір сұрақ қате болып апелляцияға беріліп, балл қосылса, сол сұрақтан қателескен өзге тест тапсырушыға да балл автоматты түрде (ол апелляцияға бермесе де) қосылады.
Бұл ерекшеліктер тек ҰБТ-да ғана емес, мұғалімнің біліктілік тестінде де қолданылады.
Білімді ғана грант иегері атануы тиіс, ертең дәрігерге барып емделгенде дәрігер біліксіздігінен қорқып жүрмес үшін, баламызды оқытуға мұғалім біліксіздігінен қорқып жүрмес үшін бұл өзгерістерді қуана қолдаймын. Алдағы уақытта ҰБТ туралы жаңалықтармен және бөлісетін боламын.
Құрметті түлектер, дайындықты күшейтіңіздер, білімдеріңізден өзге сенетін дүниенің бәрін ұмытыңыздар.