







✓213 орта мектебінде "Отбасыларға әлеуметтік психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру тиімділігі" атты облыстық семинар болып өтті. Отбасы — адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балвлардың өсіп, өмір сүретін орны. Семинардың негізгі мақсаты әр баланың дамуы мен жеке өмір сүру ортасы отбасы тәрбиесінде ата—ана— әлеуметтік педагог, педагог—психологтардың әріптес ретінде тәрбие жүргізу үлгісін көрсету, отбасылық әлеуметтік кедергілерді ерте анықтау жолдары болып табылды. Мектеп ауласынан облыстық оқу орталығының әдістемелік кабинет меңгерушісі Раханова Нұржамал ханым бастаған, аудандық білім бөлімінің әдіскері
Мира Жандарбекова және облыс, ауданның тиісті мамандарын әуе кемесіне отырғызып, мектеп тарихымен таныстырудан басталды. Мектеп фойесінде отбасылық құндылықтар көрмесі, Әкелер клубы, Аналар мектебі, Қыздар клубының ұйымдастырған көрмесінен көптеген ақпараттар алды. Ауылымыздың жомарт азаматтары С. Мырзабаев, О. Абуов балалардың жазғы тынығу лагеріне жолдама берсе, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді. Мектеп акт залында мектебіміздің білікті тренері, ағвлшын пәнінің мұғалімі Г. Данембаева коучинг өткізіп, келген қатысушыларды топтарға бөлу жұмвстарын жүргізді. Бөлінген топтар үшке бөлініп бірі мектептің педагог психологы Е. Мейрмановтың " Отбасылық қарымқатынаста кедергілерді жою" атты тернингке, екінші топ мектеп психологы Л. Тлеулиеваның " Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан! " атты қыздармен свбаққа, үшінші топ қазақ тілі пәнінің мұғалімі С. Нысанбаевтың "Бақытты балалар — бақытты" отбасында атты дөңгелек үстелге қатысты. Мектебіміздің акт залында ұйымдастырылған" Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксе көретінің қайғы мұң" атты көлеңкелі театрды тамашалады. Оқушыларымыздың шеберлікпен ойнаған рольдерінен ешбір адам бей жай қалмады, көздеріне жас алды. ✓51 мектептің педагог психологы "Мен үшін әке болу..." тақырыбында тренинг өткізсе, әлеуметтік педагог
Халима Мырзабай кейс жұмыстарын қорғап, тәжірибесімен бөлісті. , еминарды қорытындылаған Қызылорда облыстық оқу орталығының кабинет меңгерушісі Нұржамал ханым семинарды өткізуге ат салысқан мектеп ұжымына алғысын айтып, серификаттар табыс етілді. Отбасындағы тәрбие басты назарда.