2022 жылы грантқа түсу балы жоғарылай ма? » №213 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№213 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 53-1-47
Есепші бөлімі:
+7(7243) 53-1-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 жылы грантқа түсу балы жоғарылай ма?
25
апрель
2022

2022 жылы грантқа түсу балы жоғарылай ма?

Көп жерде "Биыл грант балы түссе екен, грант балын түсірсе екен, неге "Жалпы медицинаның" балы жоғары, елге дәрігерлер керек емес пе?" дейтін пікірлер өте көп кездеседі. Біреуі "биыл грант балы түсіп кетсін" десе, пікірге бәрі "әумин" деп жазып кететіндері енді күлкілі)
Грантқа түсу балы мемлекет бекітіп қойған нәрсе емес!
Көпшілігі грантқа түсу балы мен шекті балды шатастырады.
Шекті балл - сол мамандыққа конкурсқа қатысуға не ақылы оқуға түсуге мүмкіндік беретін ең төменгі балл. Ол бекітілген нәрсе. Мысалы, былтыр педагогикалық мамандықтарға 75 балл болды.
❓️Бұл нені білдіреді?
Егер сіздің алған ұпайыңыз 75-тен төмен болса, тіпті ақылы бөлімге де тапсыра алмайсыз! Грант конкурсына қатысу үшін 75 не одан жоғары жинауыңыз қажет.
❗️Бірақ
75-тен ассаңыз грантқа түсесіз дегенді де білдірмейді.
📒Жалпы кез келген мамандықтың грантқа түсу ұпайына әсер ететін нәрселер:
1) Сол жылы конкурсқа қатысушы талапкерлер саны;
2) Сол мамандыққа дәл осы жылы бөлінген грант саны;
3) Талапкерлердің орташа ұпайы, сол таңдау пәндерін таңдаған оқушылардың қаншалықты жоғары/төмен алғандығы
4) Конкурсқа қатысқан кездегі сіз таңдаған мамандықтарға деген сұраныстың көп/аз болуы.
📒Карусельдегі кестеде екі жыл салыстырмалы түрде берілген. Бұл жай ғана мысал)
Бір мамандыққа 10 грант берілді дейік (іштеріңізден "Құдай сақтасын" дейтін шығарсыздар)). Сол мамандықты таңдағандардың арасында 2022 жылғы ҰБТ нәтижелері жоғары болғанымен, сұранысқа қарай грантқа түскен ең төменгі ұпайы былтырғыдан да төмен болып тұр.
📊Ал биылғы грантқа түсу ұпайы қаншалықты өзгеретінін қазір ешкім нақты айта алмайды. Мысалы, былтыр бәрі карантин кезінде елімізде дәрігерлер қажеттілігі қатты байқалған соң, көпшілігі ""Жалпы медицинаға" грант көбірек бөлінеді" деп ойлады. Керісінше, грант саны 2147-ден 1575-ке дейін, яғни 572 грантқа азайып кетті. Оған былтырғы түлектердің дайындығының алдыңғы жылғыдан жақсы болғаны (ҰБТ-ның әділ өте бастауынан басқа нәрсеге сенбей) мен ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қосыңыз. Нәтижесінже грант балы 103-тен 117-ге жоғарылап кетті.
📍Өткенде IT бағытының таңдау пәндері математика-информатикаға ауысатын болғанда "енді көп оқушы IT-ге түсе алмай қалатын болды" деп шулап еді. Ол жерде де дәл кестедегідей болушы еді. Мүмкіндік барлығына бірдей берілді. Басым бөлігі төмен ұпай алса, грантқа түсу балы да сәйкесінше төмендейді. 6000 грант болса, соның барлығы шекті балдан асқан, сол мамандықты таңдаған 6000 балаға беріледі. Бұрын 100 балмен түскен IT-ге 70 балмен де түсе алатын еді.
💡Сондықтан "биыл балл көтеріледі/төмендейді" деген сөздерге елеңдей бермей, ҰБТ-ға дайындалыңыздар). Бәрібір ҰБТ тапсырмай ештеме жасай да алмайсыздар. Ал шешетін басты нәрсе - сіздің жоғары ұпай алуыңыз. Оның үстіне, желтоқсанда бекітелетін боп жатқан грант саны туралы да хабар жоқ...

Қанай Гүлбану Бақытханқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив